«ГЕОТАКТИКА» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
2026 жылғы 6 наурызда Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ZOOM платформасында онлайн режимде «Геотактика - интерактивті мүмкіндіктер» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарды Қарағанды қаласының «Жас туристер станциясы» директорының міндетін атқарушы Рахимжанов Ерлан Төлегенович және Павлодар қаласының «Финист» компаниясы ЖШС директоры Зиновьев Денис Анатольевич өткізді.
Семинарға алғашқы әскери және технологиялық дайындыққа жетекшілік ететін әдіскерлер қатысты.
Спикерлер алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында интерактивті сабақтардың жауынгерлік жағдайын ұйымдастырудың 3D симуляторын түсіндіріп, көрсетті.
Қамту 272 адамды құрады.





umc-ro@umckrg.gov.kz

