«Мемлекеттік рәміздер: білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының әдістемелік негіздері» тақырыбында облыстық оқыту семинары
12-03-2026 16:58
«Мемлекеттік рәміздер: білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының әдістемелік негіздері» тақырыбында облыстық оқыту семинары

      2026 жылдың 12 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында «Мемлекеттік рәміздер: білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының әдістемелік негіздері»тақырыбындаоблыстық оқыту семинары өтті.

     Семинар барысында мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – елжанды ұрпақ тәрбиесінің басты кепілі екендігі қарастырылды.

     Мемлекеттік рәміздерді тәуелсіздік символы және жас ұрпақ тәрбиесінің маңызды құралы ретінде пайдаланудың тиімді жолдары талқыланып, қатысушылар патриоттық тәрбие беру бойынша өз ойларымен бөлісіп, озық педагогикалық тәжірибе алмасты. Семинарға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен облыс білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.