Размер шрифта:
«ЗЕЙІН» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
16-03-2026 17:41
«ЗЕЙІН» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

     2026 жылғы 16 наурызында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Зейін» жобасы аясында ZOOM платформасында онлайн форматта «Интерактивті мүмкіндіктерді проекциялау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында Қарағанды қаласыныңгеография пәнінің мұғалімдері өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

     Искакова Л.М., «Әл-Фарабиатындағы мектеп-гимназиясы» КММ– «География сабақтарында жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында жұмыс тәжірибесін ұсынды.

     Ибраева М.Б., «Н.Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ – Classcraf, Classtime бағдарламаларын, Padlet интерактивті тақтасын және интерактивті карталарды пайдалану арқылы жүргізілген жұмыс тәжірибесін қорытындылады.

     Агедилова К.Т., «№74жалпы білім беретін мектебі» КММ– электрондық платформаларда номенклатураны қолдана отырып, тапсырмалар дайындау жолдары бойынша жұмыс тәжірибесін таратты.

Семинарға барлығы 100педагог қатысты.