Размер шрифта:
«ТАРИХ СЕРПІНІ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НЕГІЗІНДЕ НЕТВОРКИНГ
17-03-2026 15:09
«ТАРИХ СЕРПІНІ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НЕГІЗІНДЕ НЕТВОРКИНГ

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 17 наурызында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Тарих серпіні» жобасын іске асыру бойынша Қазақстан тарихы мұғалімдеріне онлайн режимде нетворкинг өткізді.

     Осакаров ауданыныңпедагогтары білім алушылар үшін қосымша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерін ұсынды.

      Нетворкинг барысында Қазақстан тарихы, 9-сынып негізінде қиындық туғызатын, күрделі тақырыптар бойынша тапсырмаларды талдауға бағытталған тиімді жұмыс түрлерін Қарағанды қаласының жетекші мұғалімдері көрсетті: Кесикова Раушан Бакытбековна, «№11 ЖББМ»КММ, Исмагулова Сымбат Утеулиевна және Атахай Гулнази «Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі (РО)» КММ, тарих пәнінің мұғалімдері.

Қамту: 100 адамды құрады.