Размер шрифта:
Қарағанды облысында «Жер сағаты – 2026» акциясы табысты өтті
31-03-2026 10:00
Қарағанды облысында «Жер сағаты – 2026» акциясы табысты өтті

      2026 жылдың 28 наурызында Қарағанды облысы дүниежүзілік «Жер сағаты» экологиялық акциясына белсенді түрде қосылды. Кешкі сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін аймақ тұрғындары мен білім беру ұйымдары планетамыздың болашағына бейжай қарамайтындықтарын танытып, нышандық түрде жарықты өшірді.

      Облыс бойынша барлығы 85 208 адам акцияға қолдау көрсетті.  Шараға қалалық және аудандық білім ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беру колледждері, облыстық білім беру ұйымдары толық қатысты. Акция аясында наурыз айы бойы мектептер мен колледждерде экологиялық флешмобтар, «Энергия будущего» тақырыптық дәрістері, интеллектуалдық викториналар мен ашық сабақтар өткізілді. Бұл бастама Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылардың мұндай ауқымды саны өңірімізде экологиялық мәдениеттің жоғары екенін және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға деген ортақ жауапкершілікті көрсетеді.