Кәсіби даму: Қарағанды облысының тәлімгері әдістемелік сағатқа қатысты
02-04-2026 14:51
Кәсіби даму: Қарағанды облысының тәлімгері әдістемелік сағатқа қатысты

      2026 жылдың 1 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының  тәлімгерлеріне арналғанәдістемелік сағат өтті. Кездесуде «Үздік тәлімгер — 2026» облыстық байқауына дайындық мәселелері қарастырылды. Облыстың қалалары мен аудандарынан қатысқан тәлімгерлер өзара тәжірибе алмасып, кәсіби бағыт-бағдар алды. Қатысушыларға байқаудың өтінім беру тәртібі (2 сәуірге дейін) және жұмыс өтіліне қойылатын талаптар (кемінде 3 жыл) қайта түсіндірілді. Портфолио құрылымы (10 слайдтан аспауы тиіс) және «Кітап оқитын ұлт» жобасы бойынша бейнежазба дайындаудың қыр-сыры талқыланды.

      Тәлімгерлер қауымдастығы мен Оқу-әдістемелік орталығының бұл бастамасы тәлімгерлердің кәсіби шеберлігін шыңдауға жаңа серпін берді.

Қарағанды облысының білім беру ұйымдарынан 120 тәлімгер қатысты.