Размер шрифта:
«Мастер ART» XІV облыстық байқауы
19-03-2026 14:59
  «Мастер ART» XІV облыстық байқауы

2026 жылдың 19 наурызында Қарағанды облысының балалар көркемөнер мектептері, өнер мектептері және қосымша білім беру ұйымдарының (сарайлар, үйлер, орталықтар) бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер бөлімдерінің педагогтеріне арналған дәстүрлі «Мастер ART» XІV облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты -педагогтердің шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету және облыс көлеміндегі бейнелеу өнері мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.

Байқау «Жануарлар әлемінде» тақырыбы аясында кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін және компьютерлік графика номинациялары бойынша өткізілді.

Облыс бойынша 16 ұйымнан 74 педагог қатысып, жалпы саны 155 шығармашылық жұмыс ұсынылды.

Байқаудың қорытындысы 26 наурыз күні өтетін «Өнерлі шебер» шеберлік сыныбы аясында жарияланады.