«Математикалық сауаттылықты арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында шеберлік сынып
08-04-2026 11:41
«Математикалық сауаттылықты арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында шеберлік сынып

      2026 жылдың 07 сәуірі күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен математика пәнінің мұғалімдері үшін білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі аясында «Математикалық сауаттылықты арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында шеберлік сынып өткізілді.

      Шеберлік сынып барысында математикалық сауаттылықты дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдері, математикалық сауаттылық тапсырмаларын құрастыру және орындау бойынша мәселелер қарастырылды. Облысымыздың келесі педагогтері өздерінің іс- тәжірибелерімен бөлісті:

Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері;

Смагулова Айгуль Жексенбиевна, Қарағанды қаласы «№134 НОМ» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Пронина Надежда николаевна, Қарағанды қаласы «№32 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Кулкаева Жазира Ахмедиевна, Қарқаралы ауданы «Томар аулының №22 ЖББМ»  КММ математика пәнінің мұғалімі.