Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 10 сәуір күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізеді.
Олимпиада бастауыш сынып мұғалімдерінің математика пәні бойынша кәсіби шеберлігін арттыру және білім алушылардың математикалық дайындық сапасын көтеру мақсатында ұйымдастырылады. Шара педагогтердің пәндік-әдістемелік құзыреттілігін дамытуға, күрделі математикалық тапсырмаларды орындау дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ командалық жұмыс істеу іскерлігі мен логикалық ойлау қабілетін нығайтуға бағытталған.
Олимпиадаға 13 аймақтан, арнайы мектеп-интернаттардан және мамандандырылған музыка мектеп-интернатынан бастауыш сынып мұғалімдері қатысады.
Олимпиада төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңде берілген барлық тапсырмаларды ұжыммен жазбаша түрде орындалады.





umc-ro@umckrg.gov.kz

