Размер шрифта:
«ЖАС ЗАҢГЕР» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
08-04-2026 16:08
«ЖАС ЗАҢГЕР» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 8 сәуір «Құрғақ мақалалар немесе өмір құралы»  тақырыбында  Шахтинск қаласының  «Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ базасында ZOOM платформасында «Жас заңгер» жобасын онлайн режимінде іске асыру шеңберінде нетворкинг өткізді. Нетворкинг-практикумы барысында «Жас заңгер» жобасын іске асыру барысында болашақ мамандықты таңдауда білім алушылардың ерте кәсіптік бағдарлануына іскерлік ойындар мен іс-шаралар сценарийлері ұсынылды. Сондай-ақ, пікірталас барысында  жүзеге асыру аясында «Ертегілер өмірдің айнасы ретінде» іскерлік ойынының ерекшеліктері қарастырылды. Нетворкинг семинар әріптестер арасында лайықты қызығушылық тудырды және әріптестерінен оң пікірлер алды.