«Химия пәнінде функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы шебер-сынып
08-04-2026 18:17
«Химия пәнінде функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы шебер-сынып

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 8 сәуірде «Зейін» жобасы аясында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту және білім жетістіктерін мониторингке дайындау мақсатында шебер-сынып өткізді.

Іс-шара барысында Шахтинск қаласының химия пәні мұғалімдері деректерді талдау, ақпаратты интерпретациялау және химиялық білімді өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдерді талқылады.

Тәжірибе алмасу алаңында «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ мұғалімі Сулейменова Жадыра Есенбековна мен «ЖББМ №11» КММ мұғалімі Кадина Юлия Владимировна 7–9 сыныптардағы тапсырмалар сабақтастығы негізінде функционалдық сауаттылықты дамыту жолдарын ұсынып, «Химия питания и здоровье человека» тақырыбы бойынша тиімді практикалық тәсілдерімен бөлісті.

Сондай-ақ, «ЖББМ №2» КММ мұғалімі Нечаев Евгений Викторович «Гидролиз солей» тақырыбы аясында контекстік тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру тәжірибесін таныстырды.

Іс-шараға барлығы 80 педагог қатысып, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.