«Биология пәнінде функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған әдіс- тәсілдер» тақырыбындағы шебер-сынып
15-04-2026 18:00
«Биология пәнінде функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған әдіс-  тәсілдер» тақырыбындағы шебер-сынып
Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы
15 сәуірде «Зейін» жобасы аясында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын
дамыту және білім жетістіктерін мониторингке дайындау мақсатында шебер-сынып
өткізді.
Тәжірибе алмасу алаңында Бухаржырау ауданының «Ростов тірек мектебі»
(ресурстық орталық) КММ биология пәні мұғалімі Шушаева Айгүлім Мұқатаевна
«Биология пәнінен ББЖБ тестерін талдау», Ақтоғай ауданының «Күләш Байсейітова
атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ мұғалімі Дамиева Арайлым
Турашевна «Биология пәні бойынша оқушылардың ұлттық құндылықтарын дамыту»,
сондай-ақ «Р.Сағымбеков атындағы №18 ЖББМ» КММ мұғалімі Жаңабаева Зауре
«Биология сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары» , Абыз ауылының
«№27 негізгі орта мектебі» КММ Бейсенбекова Разалия Шамильқызы «Адам ағзасы және
салауатты өмір салты: функционалдық тапсырмаларын талдау» тақырыптарында
баяндама жасап, тиімді практикалық тәжірибелерімен бөлісті. Шебер-сынып
педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, оқыту үдерісіне заманауи әдістерді
енгізуге және білім сапасын жетілдіруге оң ықпал етті.
Іс-шараға барлығы 80 педагог қатысып, кәсіби тәжірибе алмасуға және өзара
ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік алды.