«GEOINFO НАВИГАТОР» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
2026 жылғы 21 сәуірде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-
әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «GeoInfo навигатор»
жобасы аясында ZOOM платформасында онлайн форматта «Интерактивті
мүмкіндіктерді проекциялау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар
барысында Шет ауданының география пәнінің мұғалімдері өз жұмыс
тәжірибелерімен бөлісті.
Толеу Серигжан «А.Ермеков атындағы тірек мектебі» КММ –
«География сабақтарында жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында
жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Тусупбекова А.К. «С.Мұхамеджанов атындағы жалпы білім беретін
мектебі» КММ – Classcraf, Classtime бағдарламаларын, Padlet интерактивті
тақтасын және интерактивті карталарды пайдалану арқылы жүргізілген
жұмыс тәжірибесін қорытындылады.
Оразбекова Д.К. «Босаға жалпы білім беретін мектебі» КММ –
электрондық платформаларда номенклатураны қолдана отырып, тапсырмалар
дайындау жолдары бойынша жұмыс тәжірибесін таратты.
Семинарға барлығы 72 педагог қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz




