Размер шрифта:
«Мұра» жобасын іске асыру тәжірибесінің қорытынды семинары
09-04-2026 18:20
«Мұра» жобасын іске асыру тәжірибесінің қорытынды семинары
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік
орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 9 сәуірінде «Мұра» жобасын
іске асыру шеңберінде жұмыс тәжірибесін қорытындылау бойынша онлайн-
семинары болып өтті. Семинарға қазақ тілінде оқытатын мектептердің
облыстық білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшылары қатысты.
Қатысушылар жобаны іске асыру аясында өңірлердің жұмыс
нәтижелерімен бөлісті:
Бұқар жырау ауданының «С.Торайғыров атындағы ЖББМ» КММ-нің тәрбие
жұмыстары жөніндегі орынбасары Сәрсенбай Әмина, аймақтың көрнекті
тұлғаларының есімдерін жаңғырту тәжірибесімен бөлісті.
Қарқаралы ауданының «Н. Әбдіров атындағы №10 ЖББМ» КММ-нің тарих
пәнінің мұғалімі Оспан Дархан Қызылбайұлы, ауылдық мектеп базасында
жобалық бастамаларды жүзеге асыру туралы айтып өтті.
Ақтоғай ауданының «Қызыларай ЖББМ» КММ-нің тарих пәнінің
оқытушысы Шакиров Нурсултан Сатыбалдиевич, «Ақсоран - арыстандар
мекені» атты тарихи - географиялық мұрасы туралы баяндады.
Закен Асель Сагидоллакызы, Ақтоғай ауданының «Сарышаған кентінің
мектеп-интернаты» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Сарышаған жеріндегі Ағыбай батырдың іздерін зерттеу туралы айтып берді.
Балқаш қаласының «№9 ЖББМ» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
оқытушысы Баубеков Аманжол Сагинтаевич, өз баяндамасын халық
қорғаушысы Ер Жидебайға арнаған.
Кереева Асемгуль Куатовна, Қарағанды қ. «№97 Гимназия» КММ
директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектеп кеңістігіне
«Мұра» жобасын енгізу тетіктерін көрсетті.
Төлек Бақытгуль, Шахтинск қ. «А.Бокейханов атындағы мектеп-лицейі»
КММ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, аймақтың
мәдени-тарихи мұрасы арқылы патриотизмге тәрбиелеу тақырыбымен
таныстырып өтті.
Жуманова Зухра Амантаевна, Саран қ. «Абай атындағы ЖББМ» КММ
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, туған өлкенің құпиялары мен
еңбегімен танымал есімдер туралы материалдар ұсынды.
Кездесуді БД ОӘО әдіскері Цой Ксения Петровна және «№2 Лицей» КММ
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дюсембина Жибек Кенжетаевна
жүргізді.