«Цифрлық ұстаз» жобасы аясында атқарылған жұмыстар
Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы
2026 жылы 16 сәуірде биология және химия пәні мұғалімдеріне арналған
«Цифрлық мұғалім» жобасы аясында онлайн форматта шебер-сынып өткізді.
Қарағанды қаласының педагогтері білім алушыларға қосымша сабақтарды
ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерін ұсынды.
Шебер-сынып барысында Қарағанды қаласының жетекші биология
және химия пәні мұғалімдері:
Омарова Онер Берикбаевна, «Қарағанды қаласы білім бөлімі» ММ әдіскері,
«Цифрлық ұстаз – оқыту сапасын арттырудың заманауи жүйесі»
тақырыбында;
Өмірбаева Ақжүніс Мамырбайқызы «№5 қосымша білім беру мектеп-
орталығы» КММ «Химия пәнінде цифрлық ресурстарды тиімді қолдану»;
Алтыбаева Мадина Айтбековна «ЖББМ №15» «Химия пәнін оқытудың
ерекшеліктері. Интерактивті және онлайн құралдар арқылы химияны
қызықты оқыту»,
Кобдикбаева Нурай Ахметкалиевна «ЖББМ №6» «Биологиядағы Roqed AI
мүмкіндіктері»;
Камалова Назгуль Нурланбековна «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-
лицей» КММ «Биология сабақтарында сандық мұғалім жүйесін тиімді
қолдану әдістері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараға жалпы 87 педагог қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz




