Химияны оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері» шебер-сынып
15-04-2026 17:07
Химияны оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері»  шебер-сынып
Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы
15 сәуірде «Зейін» жобасы аясында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын
дамыту және білім жетістіктерін мониторингке дайындау мақсатында шебер-сынып
ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Қарқаралы ауданының химия пәні мұғалімдері деректерді
сараптау, ақпаратты ұғындыру және химиялық білімді күнделікті өмірде тиімді пайдалану
дағдыларын дамытуға бағытталған озық педагогикалық тәсілдерін ұсынды.
Тәжірибе алмасу алаңында Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылындағы
«Қ.Смайылов атындағы №43 ЖББМ» КММ химия пәні мұғалімі Жумашева Үміт
Рымжановна «Химиядан функционалдық тапсырмалар», Ақжол ауылының «Ә.Бүркітбаев
атындағы №12 ЖББМ» КММ мұғалімі Шамакова Айгерім Жанайхожақызы «Химия
сабағында функционалдық сауаттылықты арттыру: өмірмен байланысты тапсырмалар
жүйесі», сондай-ақ Қарағаш ауылының «№28 негізгі орта мектебі» КММ мұғалімі
Жумажанова Камшат Қадровна «Химия сабағында функционалдық тапсырмалар арқылы
өмірмен байланыстыра оқыту жолдары» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шебер-сынып педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, оқу үдерісіне жаңа
тәсілдерді енгізуге және білім сапасын жақсартуға ықпал етті.
Іс-шараға барлығы 80 педагог қатысып, тәжірибе алмасып, кәсіби
ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік алды.