Размер шрифта:
Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «БАЛАЛАР ЖӘНЕ КЛИМАТ» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
22-04-2026 17:22
Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «БАЛАЛАР ЖӘНЕ КЛИМАТ» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
2026жылдың 22 сәуір күні - Дүниежүзілік Жер күніне орай, Қарағанды
облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының
ұйымдастыруымен «БАЛАЛАР ЖӘНЕ КЛИМАТ» атты облыстық ғылыми-
тәжірибелік конференциясы өз жұмысын қорытындылады. Шара Теміртау
қаласының «Жастар ресурстық орталығы» базасында өтті.
Конференция «Әлемді өзгерткің келсе — ӨЗІҢНЕН БАСТА!» деген
ортақ ұранмен өтті.
Бағдарлама аясында келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:
Білім алушылар мен педагогтердің экологиялық жобаларын қорғау;
«Экологиялық әдеттер: адамдардың мінез-құлқын қалай өзгертуге
болады?» тақырыбындағы тренингтер;
«Eco StartUp: әлемді өзгертіп жүрген білім алушылар» секциясы;
Биологиялық әртүрлілікті сақтау бойынша симуляциялық ойындар.
Облысымыздың түкпір-түкпірінен келген жас зерттеушілер өздерінің
ғылыми жобаларын ұсынып, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі өз
идеяларымен бөлісті. Сарапшылардың шешімімен үздік деп танылған жұмыс
авторлары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Бұл шара өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға деген ұқыпты қарым-
қатынасын нығайтып, «Таза Қазақстан» идеясын ілгерілетуге үлкен серпін
берді.