Размер шрифта:
«Биология пәнінде функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы шебер-сынып
08-04-2026 17:46
«Биология пәнінде функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы шебер-сынып
Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы
2026 жылғы 8 сәуір күні «Зейін» жобасы аясында оқушылардың
жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту мақсатында шебер-сынып
өткізді.
Іс-шара барысында Шахтинск қаласының биология пәнінің мұғалімдері
деректерді талдау, ақпаратты интерпретациялау және биологиялық білімді
өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыруға
бағытталған заманауи әдіс-тәсілдерді талқылады.
Тәжірибе алмасу алаңында «ЖББМ №2» КММ мұғалімі Шмидт Елена
Владимировна «Контекстные задания как инструмент формирования
естественнонаучной грамотности на уроках биологии», «С. Асфендияров
атындағы ЖББМ» КММ мұғалімі Аспандиярова Зейнеп Балтабаевна
«Биология сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту тапсырмалары»
тақырыбы аясында контекстік тапсырмалар арқылы функционалдық
сауаттылықты қалыптастыру бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараға барлығы 84 педагог қатысып, кәсіби тәжірибе алмасуға
мүмкіндік алды.