Размер шрифта:
«Педагогтердің авторлық материалдарын облыстық Сараптамалық кеңеске ұсыну алгоритмі» тақырыбында кеңес өткізілді
23-04-2026 17:54
«Педагогтердің авторлық материалдарын облыстық Сараптамалық кеңеске ұсыну алгоритмі» тақырыбында кеңес өткізілді
23 сәуір күні онлайн форматында облыстың әдістемелік
кеңестерінің төрағалары мен хатшыларымен жұмыс кездесуі
өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің авторлық
әзірлемелерін ұсыну және сараптау үдерісін жүйелеу.
Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды:
1) Нормативтік реттеу: «Білім беру ұйымдарында, мәдениет
саласындағы ұйымдарды қоспағанда, оқу-әдістемелік және
ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру
қағидаларын бекіту туралы» №253 бұйрыққа сәйкес
әдістемелік кеңестердің авторлық материалдарды іріктеу
бойынша міндеттері талқыланды. Жергілікті деңгейде
бастапқы сараптама жүргізу жауапкершілігін күшейтуге ерекше
назар аударылды.
2) Құжаттарды ұсыну регламенті: материалдардың өтініш
беруден бастап облыстық деңгейдегі деректер базасына
тіркелуіне дейінгі кезең-кезеңімен өту тәртібі қарастырылды.
3) Рәсімдеу талаптары: жұмыстардың құрылымы мен
мазмұнына қойылатын талаптар (титул парағы, түсіндірме
жазба, жоспар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі), сондай-ақ
құжаттарды рәсімдеудің техникалық талаптары түсіндірілді.
4) Жиі кездесетін кемшіліктер: Материалдарды дайындау
барысында жіберілетін қателер, авторлық құқықты сақтау
мәселелері және құжаттарды тапсыру мерзімдері бойынша
ескертулер берілді.
Талқылау қорытындысы бойынша, бірыңғай жұмыс алгоритмі
әзірленді. Жергілікті әдістемелік кеңестерге келесі кезеңдерде
түзетулерді азайту мақсатында алдын ала сараптаманы
күшейту ұсынылды. Кеңес аудандық және қалалық әдістемелік
кабинеттер мен облыстық білім беру ұйымдарының жұмысын
үйлестіруге мүмкіндік берді. Кездесу қорытындысы бойынша
барлық қажетті нұсқаулықтар мен презентациялық
материалдар білім беру ұйымдарына жіберілді.