Размер шрифта:
2016 жылдың 16 мамырында Қарағанды көлік -технологиялық колледжінде «Мамандық үздігі» шеберлік конкурсы өтті
19-05-2016 10:37
2016 жылдың 16 мамырында Қарағанды көлік -технологиялық колледжінде «Мамандық үздігі» шеберлік конкурсы  өтті

       Студенттердің кәсіби даярлығының сапасын анықтау, шеберліктерін жария ету, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақсатында  2016 жылдың 16 мамырында Қарағанды көлік -технологиялық колледжінде «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» пәні бойынша «Мамандық үздігі» шеберлік конкурсы  өтті.

         Конкурсқа Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 22 студент қатысты.

         Конкурс 5 кезеңнен тұрды:

1.   Визиттік карта

2.   Кәсіби шеберлік

3.   Автоэлектрик

4.   Үздік жөндеуші

5.   Үздік жүргізуші

     Сараптау комиссиясының құрамында автомобиль көлігі саласының жұмыс берушілері, Қарағанды көлік –технологиялық колледжінің оқытушылары, Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері жұмыс жасады.

     Сарапшылардың қорытындысы бойынша келесі студенттер жүлделі орындарға лайық деп табылды:

    1 орын – Тебаев Азамат Қарағанды көлік -технологиялық колледжінің студенті;

    2 орын – Султанбек Аманжол – Жезқазған политехникалық колледжінің студенті;

    3 орын – Табын Нуркен Қарағанды технико-құрылыс колледжінің студенті;

   3 орын – Джанаев Азамат Абай көп салалы колледжінің студенті.