Размер шрифта:
ТжКОБ ұйымдары педагогтері арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік кезеңі
23-04-2026 16:07
ТжКОБ ұйымдары педагогтері арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік  кезеңі
2026 жылғы 21-23 сәуір аралығында Қарағанды облысында білім беруді
дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен
өндірістік оқыту шеберлері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша
Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік кезеңін өткізді.
Конкурстық сынақтар «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК және
«Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК базаларында 4 негізгі
құзыреттілік бойынша өтті: «Ветеринария», «Ауыл шаруашылығы
машиналарын жөндеу және қызмет көрсету», «Дизельді қозғалтқыштарды
жөндеу және қызмет көрсету» және «Слесарлық іс».
Конкурстың мақсаты — педагогикалық еңбектің беделін арттыру, үздік
оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің озық педагогикалық
тәжірибесін тарату, сондай-ақ олардың кәсіби шеберлігін заманауи салалық
стандарттар мен WorldSkills талаптарына сәйкес жетілдіру болып табылады.
Жарыс барысында қатысушылар күрделі практикалық модульдерді
орындады:
• «Ветеринария» — клиникалық тексеру жүргізу және хирургиялық
манипуляциялар;
• «Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету» —
ауыл шаруашылығы техникасының тораптарын реттеу және жүйелерді
диагностикалау;
• «Дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету» —
қозғалтқыш механизмдері мен отын жүйелерін бөлшектеу, ақауларын
анықтау және баптау;
• «Слесарлық іс» — металды өңдеу және дәл сызбалар бойынша
бөлшектерді дайындау.
Барлық қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар критериалды түрде
бағалады. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Ветеринария» құзыреттілігі бойынша:
• 1 орын — Свиденко Василий Петрович, «Абай көпсалалы колледжі»
КМҚК;
• 2 орын — Қайырбек Қасым Саятұлы, «Мыңжасар Әдекенов атындағы
Қарқаралы ауылшаруашылық колледжі» КМҚК;
• 3 орын — Қарғабай Ақтолқын Ұзақбайқызы, «Шет агротехникалық
колледжі» КМҚК.
«Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету»
құзыреттілігі бойынша:
• 1 орын — Власенко Сергей Николаевич, «Абай көпсалалы колледжі»
КМҚК;
• 2 орын — Толеуканов Максат Советович, «Шет агротехникалық
колледжі» КМҚК;
• 3 орын — Смирнов Арсений Павлович, «Қарағанды агротехникалық
колледжі» КМҚК.
 
«Дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі
бойынша:
• 1 орын — Абдрахманов Кайржан Боранкулович, «Шет агротехникалық
колледжі» КМҚК;
• 2 орын — Анбиев Ернур Жексенбыұлы, «Қарағанды агротехникалық
колледжі» КМҚК;
• 3 орын — Серіков Тоқтарқожа Айбатұлы, «Қарағанды теміржол
колледжі» КМҚК.
«Слесарлық іс» құзыреттілігі бойынша:
• 1 орын — Абдин Дастан Жасуланұлы, «Қарағанды теміржол колледжі»
КМҚК;
• 2 орын — Байсаринов Ергали Вахитович, «Қарағанды агротехникалық
колледжі» КМҚК;
• 3 орын — Маратов Дастан Думанулы, «Шет агротехникалық колледжі»
КМҚК.
Өңірлік кезең жеңімпаздары Республикалық кәсіби шеберлік
конкурсында Қарағанды облысының намысын қорғайды. Әріптестерімізді
құттықтаймыз және алдағы уақытта кәсіби табыстар тілейміз!