Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті
27-04-2026 10:02
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы КММ «№1 БИЛ» бірлесіп, Қарағанды облысы мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері және академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ филология факультетінің студенттері үшін 2026 жылғы 16 сәуірде облыстық әдістемелік бірлестік отырысын өткізді.

       Кездесу «Дебат тәжірибесі арқылы билингвалды дағдыларды дамыту» тақырыбына арналды және шеберлік сабағы мен көрсетілімдік дебат форматында өтті.

    Отырыс барысында қатысушылар практикалық тәжірибемен және заманауи білім беру әдістемелерімен бөлісті:

   Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Цой Ксения Петровна, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту құралы ретінде дебаттардың рөлін ашып көрсетті.

    «№1 БИЛ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Маликова Ляззат Багатоловна Мәскеуде өткен орыс тілі бойынша әлем чемпионатының жеңімпаздары болған оқушыларымен бірге билингвалды дағдыларды дамыту тәжірибесін ұсынды және орыс тілі бойынша әлем чемпионатына қатысу туралы баяндады.

     «К. Нуржанов атындағы гимназиясы» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Матисон Стефания Рафаиловна «Жеңу өнері» баяндамасында дебаттардың әдістемелік құпияларымен бөлісті.

   Бағдарлама «Жасанды интеллект рухсыздыққа және мәдениеттің жоғалуына әкеледі» атты көрсетілімдік ойынды, сондай-ақ «Жасанды интеллект қажет пе?» атты өзекті тақырып бойынша студенттердің қатысуымен өткен дебаттарды қамтыды.

    Ойындарға қазылық еткендер: Маликова Ляззат Багатоловна, Матисон Стефания Рафаиловна және Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің филология факультеті, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы (Г.А. Мейрамов атындағы) 2-курс студенті Вдовин Олег Александрович.

    «№1 БИЛ» КММ психологі Кульмаганбетова Толганай Рыспаевна «Метафоралық таңдау» атты психологиялық рефлексия өткізді.

Кездесуді Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Цой Ксения Петровна модерациялады.

Тәжірибе алмасу дебат технологияларын қолдану тек тілдік сауаттылықты дамытып қана қоймай, сонымен қатар қазіргі білім беру кеңістігінде қажет сыни ойлау дағдыларын қалыптастыратынын көрсетті.