2026 жылғы 20-24 сәуірінде өңірімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» атты ауқымды экологиялық акциясы өтті. Бес күнге созылған шара барысында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі істер жаңа деңгейге көтерілді.
Облыс бойынша 100 мыңға жуық білім алушылар мен педагогтер қатысты.
Құстарға арнап жүздеген ұя жасалып, ағаштарға орнатылды. «Таза Қазақстан» және «Жасыл апта» шеңберінде мектеп аулалары тазаланып, жас көшеттер мен гүлдер егілді. «Smart Eco School» байқауында оқушылар экологиялық мәселелерді шешудің цифрлық жолдарын ұсынды. «Жасыл терезе» шарасы арқылы балалар бөлме өсімдіктерін күтіп-баптауды үйренді.
Бұл акция — табиғатты аялаудың нақты үлгісі. Біз бірлесе отырып өлкеміздің экологиясын жақсартуға үлкен үлес қостық!





umc-ro@umckrg.gov.kz

