ИНКЛЮЗИВТІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ
29-04-2026 15:33
ИНКЛЮЗИВТІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ

     29 сәуір күні инклюзияны қолдау жөніндегі облыстық ресурстық орталық — «№9 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы білім беретін мектептердің арнайы педагогтерінің қатысуымен семинар өткізілді. Семинардың мақсаты — түзете-дамыту технологияларын қолдану бойынша озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, сондай-ақ зияткерлік дамуында бұзылыстары бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтендірудің тиімді жағдайларын талқылау.

      Іс-шара барысында қатысушылар еңбекке баулу сабақтарына және басқа да оқу сабақтарына қатысты. Онда жеке және сараланған оқытуды жүзеге асырудың практикалық тәсілдері көрсетілді.

      Семинар №9 арнайы мектеп-интернатының ресурстық орталық ретіндегі оқу жылы ішіндегі қызметін қорытындылайтын іс-шара болып, атқарылған жұмыстардың нәтижелерін жинақтауға, тәжірибе алмасуға және кәсіби дамудың келешек бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.