Размер шрифта:
«Химия және биология пәндерi бойынша әртүрлi деңгейдегi олимпиадалық есептерді шешу»
29-04-2026 16:22
«Химия және биология пәндерi бойынша әртүрлi деңгейдегi олимпиадалық есептерді шешу»

     Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырылуымен  2026 жылдың 27-29 сәуір аралығында Алматы қаласында өткізілген, «Химия және биология пәндерi бойынша әртүрлi деңгейдегi олимпиадалық есептерді шешу» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарына (бұдан әрі – Семинар) Қарағанды облысынан үш химия, биология пәндерінің мұғалімдері қатысып қайтты.

     Семинардың мақсаты: химия және биология пәндері бойынша оқушыларды олимпиадаларға дайындауды ұйымдастыру және әдістемесі мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушылардың зерттеу және талдау дағдыларын дамыту бойынша тиімді тәжірибе және заманауи тәсілдермен алмасу.

Семинардың екінші бөлімінде өткізілген пән олимпиадасынан:

- І Дәрежелі Дипломды Тургунов Эрсултон Турдалиулы, Қарағанды қаласының «Әлихан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ химия пәнінің мұғалімі жеңіп алды;

- ІІІ дәрежелі Дипломмен Мырзаханұлы Үсен, «Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп лицей-интернат» КММ биология пәнінің мұғалімі марапатталды.

- Ордабек Оразбек Жұманазарұлы, Шет ауданы, «Нұраталды жалпы білім беретін мектебі» КММ биология пәнінің мұғаліміне Сентификат берілді.

Марапаттарыныз құтты болсын!