«Жас музыкант» облыстық байқауы
12-05-2026 09:35
«Жас музыкант» облыстық байқауы

      2026 жылдың 12 мамырында «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік облыстық жобасын жүзеге асыру шеңберінде жалпы  білім беретін мектептердің 9 сынып білім алушылары арасында «Жас музыкант» облыстық байқауы өтті.

      Байқауды ұйымдастырудың басты мақсаты - білім алушыларды одан әрі кәсіби бағдарлау мақсатында неғұрлым талантты, дарынды балаларды анықтау және қолдау.

      Құзыретті қазылар алқасы жұмысының нәтижелері бойынша конкурс өткен үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Аспаптық жанр» номинациясы бойынша:

1 орын - Лаврикова Алиса, «Ғ. Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қарағанды қ., жетекшісі Лобова А.А.;

2 орын - Тұрсын Нұрасыл, Бұқар Жырау ауданының «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, жетекшісі Көшербаев Е. А.;

3 орын - Бейбітқызы Аружан, Осакаров ауданының «Әлихан Бөкейхан атындағы Тірек мектебі» КММ, жетекшісі Естай. Қ.

«Кез-келген музыкалық аспапта өз сүйемелдеуімен ән айту» номинациясы бойынша:

1 орын - Сайлау Асылнұр, Бұқар жырау ауданының «Көкпекті жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, жетекшісі Адамбекова С. С.;

2 орын - Қабыкен Руслан, Бұқар жырау ауданының «Көкпекті жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, жетекшісі Кежембаева Н.С.

 «Минус»-пен ән айту» номинациясы бойынша:

1 орын - Ерғазиева Кауса, Бұқар Жырау ауданының «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, жетекшісі Көшербаев Е. А.;

2 орын - Исканова Нелли, Қарағанды қ. «№3 Гимназиясы» КММ, жетекшісі Тохметов Б. Е.;

3 орын - Жұмабай Әлия, Нұра ауданының «Жараспай жалпы білім беретін мектебі» КММ, жетекшісі Мұқан Ә.Б.; Төлеген Асылжан, Осакаров ауданының «Әлихан Бөкейхан атындағы Тірек мектебі» КММ, жетекшісі Естай Қ.

Жеңімпаздар «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК дипломдарымен марапатталды.