Размер шрифта:
«GEOINFO НАВИГАТОР» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
13-05-2026 16:00
«GEOINFO НАВИГАТОР» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

      2026 жылғы 13 мамырдаҚарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «GeoInfo навигатор» жобасы аясында ZOOM платформасында онлайн форматта «Интерактивті мүмкіндіктерді проекциялау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында Қарағанды қаласыныңгеография пәнінің мұғалімдері өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

     Тлегенова М.Т. «С.Саттаров атындағы мектеп-лицейі» КММ – «География сабақтарында жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында жұмыс тәжірибесін ұсынды.

      Жанат Когершин «№61 жалпы білім беретін мектебі» КММ – Classcraf, Classtime бағдарламаларын, Padlet интерактивті тақтасын және интерактивті карталарды пайдалану арқылы жүргізілген жұмыс тәжірибесін қорытындылады.

      Рысқұлова А.Қ. «№14 мектеп – гимназиясы» КММ – электрондық платформаларда номенклатураны қолдана отырып, тапсырмалар дайындау жолдары бойынша жұмыс тәжірибесін таратты.

Семинарға барлығы 72 педагог қатысты.