2026 жылғы 4–5 мамыр күндері Қарағанды облысындабілім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжімен бірлесіп, цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын дамыту жағдайындағы V Халықаралық әлеуметтік-педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесініңфиналдық кезеңін өткізді.
Іс-шараның мақсаты–білім беру саласындағы ЖИ мен цифрлық платформаларды қолдану жағдайларына бейімделген тиімді инновациялық шешімдерді анықтау, сараптамадан өткізу және тарату.
Жәрмеңкеге Қазақстан Республикасының Қарағанды, Павлодар, Абай облыстарының педагогтері, сондай-ақ Ресей Федерациясынан (Мәскеу, Липецк облыстары) келген әріптестер қатысты.
Финалдық кезең екі кезеңнен тұрды:
- 1-кезең (4 мамыр):демонстрациялық алаңдардың жұмысы. Қатысушылар өздерінің инновациялық әзірлемелерінің мазмұнын көрсететін ақпараттық материалдар қойылған стендтерді таныстырды. Қазылар алқасының сарапшылық бағалауы негізінде келесі кезеңге жіберілген жобалар анықталды.
- 2-кезең (5 мамыр):үздік инновациялық әзірлемелер негізінде өткізілген шеберлік сыныптары. Бұл кезең аясында озық педагогикалық тәжірибе таратылып, жинақталды, сондай-ақ Жәрмеңке жеңімпаздары анықталды.
Екінші кезеңге қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы критерийлер бойынша бағалады. Қорытынды бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында:
- 1-орын– Константиниди Анна Петровна, Лебольд Райхан Бахытовна, Осакаров ауданы білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжай-бақшасы» КМҚК;
- 2-орын– Зимина Елена Владимировна, Мустапинова Оксана Владимировна, Осакаров ауданы білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжай-бақшасы» КМҚК;
- 3-орын– Рыспаева Гульжазира Жакиповна, Нарынбетова Айнур Кадирхановна, Кузенбаева Бексулу Орынбековна, «Бахыт» кешенді мектеп-бөбекжай-бақшасы» ЖШС.
Жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері арасында:
- 1-орын– Лукова Анна Юрьевна, Саран қаласы білім бөлімінің «№7 мектеп-интернаты» КММ; Пфенинг Наталья Владимировна, Саран қаласы білім бөлімінің «№17 мектеп-гимназиясы» КММ;
- 2-орын– Зейнетуллина Бақтияр Көбестайқызы, Мамадхан Айсұлу Алмасқызы, Саран қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
- 3-орын– Джолдыбаева Азиза Урынбасаровна, Қанат Назерке Болатқызы, Теміртау қаласы білім бөлімінің «№9 лицей» КММ.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында:
- 1-орын– Ильяшова Бакытгуль Файзуллиновна, Еркинова Зульфия Амангельдыевна, Жамангарина Мейрамгүл Айтказиевна, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ;
- 2-орын– Рахимбаева Танжарик Койшибаевна, Ахметова Айнұр Әбдужаппарқызы, Идрисова Меруерт Абильтаевна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК; Шилин Александр Геннадьевич, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;
- 3-орын– Тетай Ұлан Ерланұлы, Рымбекова Динара Боранбековна, Садуакасов Жасулан Сакенович, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК; Кайырбекова Индира Амангазиевна, Калиева Аяжан Маратовна, Микляев Евгений Михайлович, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК; Айдарова Дарига Достаевна, Шамгулова Сая Бериковна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК.
Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері арасында:
- 1-орын– Блок Юлия Андреевна, Саран қаласы білім бөлімінің «Достық үйі» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК;
- 2-орын– Мациевская Дарья Олеговна, Саран қаласы білім бөлімінің «Жас техниктер станциясы» КММ;
- 3-орын– Ятченко Дарья Михайловна, Саран қаласы білім бөлімінің «Жас техниктер станциясы» КММ.
Арнайы білім беру мекемелерінің педагогтері арасында:
- 1-орын– Никомбаева Шолпан Сартаевна, Блялова Раушан Жанысбековна, Абилова Меруерт Канатовна, Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ;
- 2-орын– Жаркенова Айгуль Даутовна, Таксимова Анар Маратовна, Боранбай Қаламқас Қуанышқызы, «№8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ;
- 3-орын– Баймолдина Бакытгул Сабыровна, Терликбаева Алия Даулетовна, «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ.
Білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары арасында:
- 1-орын– Муфталова Акку Кусаиновна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК;
- 2-орын– Максименко Никита Валерьевич, Саран қаласы білім бөлімінің «№17 мектеп-гимназиясы» КММ;
- 3-орын– Тусупбаев Аблайхан Тулегенович, Тусупбаева Алия Канатовна, Жексенова Бибинур Омарбаевна, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ.
Жақын шетелден келген қатысушылар арасында:
- 1-орын– Крайнова Юлия Александровна, Усачёва-Комарницкая Нина Николаевна, Мәскеу облысының «Серпухов колледжі» МКББМ;
- 2-орын– Денисова Анастасия Дмитриевна, «Лебедян педагогикалық колледжі» МКББМ;
- 3-орын– Ермилова Наталья Валерьевна, Мәскеу облысының «Серпухов колледжі» МКББМ.
Жеңімпаздар Қарағанды облысындабілім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға озық педагогикалық тәжірибені таратқанын растайтын сертификаттар табысталды. Жәрмеңке қорытындысы бойынша 2026 жылғы инновациялық жобалардың электронды жинағын шығару жоспарлануда.





umc.krg@karagandyedu.kz








