«ТАРИХ СЕРПІНІ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НЕГІЗІНДЕ НЕТВОРКИНГ
14-05-2026 14:46
«ТАРИХ СЕРПІНІ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НЕГІЗІНДЕ НЕТВОРКИНГ

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 14 мамырда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Тарих серпіні» жобасын іске асыру бойынша Қазақстан тарихы мұғалімдеріне онлайн режимде нетворкинг өткізді.

      Бұқар жырау ауданының педагогтары білім алушылар үшін қосымша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерін ұсынды.

     Нетворкинг барысында Қазақстан тарихы, 9-сынып негізінде қиындық туғызатын, күрделі тақырыптар бойынша тапсырмаларды талдауға бағытталған тиімді жұмыс түрлерін Бұқар жырау ауданының жетекші мұғалімдері көрсетті: Зезева Ирина Петровна,Жахай Майра «Т. Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Сәтқұл Әділбек Ерболатұлы «Қушоқы жалпы білім беретін мектебі» КММтарих пәнінің мұғалімдері.

Қамту: 72 адамды құрады.