2026 жылдың 14 мамырында «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі»КМҚК базасында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жетекшілігімен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында«Шет тілінің үздік оқытушысы» облыстық конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты талантты педагогтерді анықтау және қолдау, озық педагогикалық тәжірибені тарату, сондай-ақ жаңғыру жағдайында ТжКОБ ұйымдарының шетел тілі оқытушыларының кәсіби-тұлғалық өсуін ынталандыру болып табылады.
Конкурсүш кезең бойынша өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті:
- І кезең: TKT (Teacher Knowledge Test) форматында тестілеу;
- ІІ кезең: стандартты емес жағдаяттарды шешу;
- ІІІ кезең: «Инновациялық педагогикалық практикалар: ағылшын тілі сабақтарында шығармашылықты, технологияларды және коммуникацияны ұштастыру»тақырыбында Teach Like a TED Talk форматында оқытушының практикалық тәжірибесін көрсететін ауызша сөз сөйлеуі.
Байқауға 9педагог қатысты.
Қатысушылардытәуелсіз қазылар алқасы критериалды түрде бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын - Герман Ольга Владимировна, «Академик К.А. Сагинов атындағы Колледж-Мектебі» ЖМ оқытушысы;
2 орын - Рем Валерия Викторовна, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖМ оқытушысы;
3 орын - Клявинш Оксана Олеговна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.





umc.krg@karagandyedu.kz









