Размер шрифта:
«Аспаздық іс», «Кондитерлік іс», «Наубайхана ісі», «Мейрамхана қызметі», «Карвинг» құзыреттіліктері бойынша «Abilympics» өнерліқ кәсіби шеберліктің чемпионаты
18-05-2026 16:27
 «Аспаздық іс», «Кондитерлік іс», «Наубайхана ісі», «Мейрамхана қызметі», «Карвинг» құзыреттіліктері бойынша «Abilympics» өнерліқ кәсіби шеберліктің чемпионаты

      2026 жылғы 14 мамырда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК базасында Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында мүгедектігі бар, даму мүмкіндіктері шектеулі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған «Аспаздық іс», «Кондитерлік іс», «Наубайхана ісі», «Мейрамхана қызметі» және бір презентациялық құзыреттілік – «Карвинг»5 құзыреттілік бойынша «Abilympics» өнерліқ кәсіби шеберліктіңчемпионаты өтті.

      Чемпионат халықаралық абилимпиялық ойындарға және «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатының ережелеріне сәйкес ұйымдастырылып, өткізілді.

      Қатысушылар авторлық коктейльдер дайындау мен дастарқан жаюдан бастап, көкөністерден көркем бұйымдар жасау мен классикалық нан пісіруге дейінгі күрделі модульдерді орындады. Конкурсанттарды Қарағанды облысы колледждерінің арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатарынан сарапшы-компатриоттар, сондай-ақ құзыреттіліктер бойынша тәуелсіз бас сарапшылар бағалады.

Чемпионатқа Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беретін 7 оқу орнынан 15 қатысушы қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды:

«Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша:

1 орын – Гердт Денис, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК студенті;

2 орын – Лендо Сергей, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК студенті;

3 орын – Гернер Евгений, «Халық қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш технология және сервис колледжі» КМҚК студенті.

«Наубайхана ісі» құзыреттілігі бойынша:

1 орын – Бапиева Арайлым, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК студенті;

2 орын – Барбуха Данил, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК студенті;

3 орын – Банников Илья, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК студенті.

«Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша:

1 орын – Елтай Саида, «Қарағанды индустриялық-технологиялық колледжі» КМҚК студенті;

1 орын – Гусейнец Владимир, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК студенті;

3 орын – Штанько Дмитрий, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК студенті.

«Мейрамхана қызметі» құзыреттілігі бойынша:

1 орын – Елебекова Динара, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК студенті;

2 орын – Маковей Милана, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК студенті;

3 орын – Казакова Альбина, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК студенті.

«Abilympics» чемпионаты — бұл жай ғана байқау емес, бұл жас мамандарды әлеуметтендіру мен кәсіби қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Біз жеңіске деген ерік-жігері мен таңдаған ісіне деген шынайы сүйіспеншілігін көрсеткен әрбір қатысушыны мақтан тұтамыз.