Размер шрифта:
«Start Health: қозғалыс пен сергектік апталығы» аясында өтетін дене шынықтыру және салауатты өмір салты мәдениетін дамытуға арналған облыстық семинар-практикум.
19-05-2026 12:34
«Start Health: қозғалыс пен сергектік апталығы» аясында өтетін дене шынықтыру және салауатты өмір салты мәдениетін дамытуға арналған облыстық семинар-практикум.

      Балалардың денсаулықтың маңызын түсінуін қалыптастыру, дене белсенділігі мен салауатты өмір салтына деген тұрақты қызығушылығын дамыту мақсатында 2026 жылғы 18 мамырда Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы және Теміртау қаласының білім бөлімі дене шынықтыру-сауықтыру сауаттылығы апталығы аясында «Таңшолпан» бөбекжайында облыстық семинар ұйымдастырылды.

      Семинардың ашылуында А. Д. Бугубаева құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Теміртау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері шеберлік сағаттарын өткізіп, балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін дамытуға бағытталған жұмыс түрлері мен тиімді әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде ұсынды.

     Семинар қатысушыларына дене шынықтыру-сауықтыру бағыты бойынша ұйымдастырылған көрме таныстырылып, онда педагогтердің әдістемелік материалдары, дидактикалық құралдары мен көрнекі әзірлемелері қойылды.

     Іс-шара жұмысына Саран, Теміртау, Шахтинск қалалары мен Абай ауданы, Бұқар жырау ауданынан келген 40 педагог қатысты.

     Семинар барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, мектепке дейінгі ұйымдардағы дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар мұндай іс-шаралардың педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және мектепке дейінгі білім беру сапасын жетілдіруге зор ықпал ететінін ерекше атап өтті.