2016 жылдың 19 мамырында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Іс - тәжірибемізбен бөлісеміз» жобасы аясында Ұлытау ауданында №1 ЖББОМ жаратылыстану пәндерінің (химия, биология, физика, география, математика) мұғалімдері үшін «Функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдіс - тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинарды Ұлытау ауданы білім бөлімінің басшысы Б.Қ. Абдраймов, Ұлытау ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.А. Жылқыбаев ашып берді. Семинарға тәжірибе алмасу мақсатымен Жезқазған, Сәтбаев қалаларынан, Ұлытау ауданынан 50 мұғалім қатысты.Семинардың бірінші бөлімінде №6 Жезді ОМ математика пәнінің мұғалімі Базылбекова Маржан Оңдасынқызы «Пайызға есептер шығару», Жезді аралас мектеп-интернатының физика пәні мұғалімі Санаева Сабира Сатыбалдықызы «Математикалық сауаттылықты дамыту», №17 Байқоңыр ОМ химия пәнінің мұғалімі Молдабергенова Құралай Қабдоллақызы «Оттегінің қасиеттері, қолданылуы, табиғаттағы айналымы», №4 Қаракенгір ОМ математика пәнінің мұғалімі Бисенова Гүлдана Молдабекқызы «Жай бөлшектерге амалдар қолдану», №11 Қарақұм ОМ биология пәні мұғалімі Тортаева Айгүл Серікқызы «Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушыдан пайда болуы. Сүтқоректілердің көптүрлілігі», №14 Алғабас ОМ физика пәнінің мұғалімі Бахиева Рыскүл «Жұмыс. Қуат. Энергия», №2 Қорғасын ОМ география пәнінің мұғалімі Бекмағанбетова Марал «Арал теңізі» тақырыптары бойынша ашық сабақтар өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Түстен кейін ашық сабақтар оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен жалғасын тауып, «Робототехника», «Қолөнер шығармашылықтары» таңдау курстарының нәтижелері көрсетілді. Семинарымыздың екінші бөлімінде Жезді мектеп – интернатының мұғалімі Кудикенова Асель «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», №4 Қаракенгір ОМ мұғалімі Ауезов Данияр «СТО технологиясын сабақ үдерісінде қолданудың тиімділігі» тақырыптарында коучингтер өткізді. Семинардың соңында поэзиялық ән-кеші ұйымдастырылып, рефлексия жасалынды.