2026 жылдың 20 мамырында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Болашаққа жолдама» форумының пленарлық бөлімін өткізді.
Форумда мұғалімдердің озық тәжірибесін көрсету және мектептердегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Форум аясында білім алушылардың саналы түрде мамандық таңдауына көмектесетін озық тәжірибелер ұсынылып, өзекті тақырыптар талқыланды.
Форумға Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының оқушылары, оқытушылары қатысты.
Форум аясында 18-20 мамыр аралығында «Үздік кәсіби бағдар беруші», «Жаңа мамандықтар атласы» атты үздік бейнефильмдері, «Оқушылардың үздік бизнес стартап жобалары» бағыттары бойынша конкурстар, «Креативті ойлау» креативті индустриялар саласындағы облыстық жоба шеңберінде «ACTIV CREATIVE» шығармашылық байқауы бағыттары бойынша байқаулар өткізілді.
Байқау үш кезең бойынша өткізілді: бірінші кезең - аудандық, қалалық, екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – облыстық іріктеу кезеңі.
Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Үздік кәсіптік бағдар беруші» байқауы педагогтердің қоғамдық маңызы бар мамандықтар бойынша кәсіптік бағдар беру қызметіне шығармашылық көзқарасын жандандыру мақсатында өткізілді.
«Үздік кәсіби бағдар беруші» байқауының жеңімпаздары:
1 орын - Тоқтау Мадина Қайратбекқызы «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ.
2 орын - Султанбекова Гульдархан Зарлыковна Шет ауданының «Ш. Батталова атындағы тірек (РО) мектебі» КММ, Лоскутова Елена Викторовна Теміртау қаласының «№14 мектеп-лицейі» КММ.
3 орын - Ербол Айгерим Шахтинск қаласының «С. Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Бирибаева Елена Николаевна Осакаров ауданының «Абай атындағы тірек (РО) мектебі» КММ, Зылгарина Жанар Еленовна Шахтинск қаласының «Оқушылар сарайы» КММ.
«Жаңа мамандықтар атласы» бейнероликтер байқауы оқушылардың кәсіптік бағдар беру жұмысының үздік медиа тәжірибесін көрсету, сондай-ақ қазіргі қоғамда өзекті жаңа кәсіптерді анықтау мақсатында өткізілді.
«Жаңа мамандықтар атласы» бейнероликтер байқауының жеңімпаздары:
1 орын - Бобков Давид, Қарағанды қаласы, «№3 гимназия» оқушысы, жетекшісі: Бекова Дальмира Маратовна.
2 орын - Смагулова Елдана, Қарағанды қаласы, «С.Саттаров ат. мектеп-лицейі» КММ оқушысы, жетекшісі:Жапабаева Гаухар Секербаевна. Беляев Кирилл, Темирбаева Дана, Қарағанды қаласы, «№17 ЖББМ» КММ оқушылары, жетекшісі:Полещук Светлана Васильевна.
3 орын -Сапарғалы Айбар, Қарағанды қаласы, «Ы.Алтынсарин ат.мектеп-лицейі» КММ оқушысы, жетекшісі: Әбітаева Жадыра Оңдасынқызы. Мавлеева Маргарита Рамсетовна, Шахтинск қаласы, «Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ оқушысы, жетекшісі: Кичук Анна Валерьевна. Асылболатқызы Ақбота, Мереке Айару, Осакаров ауданы, «Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» оқушылары, жетекшісі: Мукушева Гульмира Серикпековна.
Облыстық «бизнес стартап-жобалар» байқауының жеңімпаздары:
1 орын- Голяшов Артем және Горбунов Александр, Теміртау қаласының «№20 мектеп-лицей» КММ.
2 орын- Пискунов Владислав, Осакаров ауданының «№13 жалпы білім беретін мектебі» КММ.
3 орын- Исабай Мадина, Шахтинск қаласының «Санжар Асфендияров атындағы мектеп» КММ.
Креативті индустриялар саласындағы «креативті ойлау» облыстық жобасы аясында «activ creative» шығармашылық байқауының жеңімпаздары:
«Комикстар» номинациясы
1 орын- Журавлёва Юлия Валерьевна, Теміртау қаласы «Бірінші Теміртау классикалық лицейі» КММ. Жоба: ИИша. «Адамгершілік» жобасы.
2 орын - Фаткулина Шолпан Муратовна, «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі» КММқазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Жоба: «Қожаның жаңа толқыны».
3 орын- Жантупова Меруерт Оразгалымовна, Осакаров ауданы «№11 жалпы білім беретін мектебі» КММ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Жоба: «Өзіме хат».
«Цифрлық білім беру және дамыту платформалары» номинациясы:
1 орын- Шакасимов Ахмад Алишерович, «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ. Жоба: «Тарих. Уақыт керуеніне ілес...»;
2 орын - Жумабекова Эльмира Батырхановна «Қарағанды облысы білім басқармасының «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ физика пәнінің мұғалімі. Жоба: «Цифрлық жұмыс дәптері. Физика, 8-сынып»;
3 орын - Кугай Ирина Алексеевна, Теміртау қаласы «№14 МЛ» КММ информатика пәнінің мұғалімі. Жоба: «PYSTART».





umc.krg@karagandyedu.kz
















