Размер шрифта:
«Білім сапасы: заманауи тәсілдер, құралдар және нәтижелер» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция
21-05-2026 14:57
«Білім сапасы: заманауи тәсілдер, құралдар және нәтижелер» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

      Облыста 200-ден астам педагогтің, білім беру ұйымдарының басшыларының, әдіскерлер мен білім беру саласы мамандарының қатысуымен «Білім сапасы: заманауи тәсілдер, құралдар және нәтижелер» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

      Конференция білім сапасын қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін, білім алушылардың білім сапасын арттырудың тиімді құралдарын, сондай-ақ білім беру нәтижелері мен басқарушылық шешімдерді талқылауға арналған кәсіби алаңға айналды.

      Конференция барысында қатысушылар білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін қарастырып, үздік тәжірибелерімен бөлісті және өңірдегі білім беру ұйымдарының тиімді жұмыс тәжірибелерін ұсынды. Білім сапасын басқару, білім беру деректерін талдау, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың заманауи тәсілдері, функционалдық сауаттылықты дамыту, сондай-ақ педагогтің кәсіби құзыреттілігінің тұрақты білім нәтижелерін қамтамасыз етудегі рөліне ерекше назар аударылды.

      Конференция аясында келесі бағыттар бойынша секциялық жұмыстар ұйымдастырылды:

  • білім сапасын басқару;
  • білім алушылардың білім сапасын диагностикалау және бағалау;
  • заманауи педагогикалық технологиялар;
  • педагогтің кәсіби құзыреттілігі;
  • цифрлық ресурстар мен инновациялар;
  • дайындық деңгейі әртүрлі білім алушылармен жұмыс.

Қатысушылар мониторингтік және бағалау рәсімдерінің нәтижелерін, Lesson Study тәсілін қолдану тәжірибесін, цифрлық білім беру ресурстары мен жасанды интеллект технологияларын пайдалануды, сондай-ақ педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу тетіктерін талқылады.

Конференция қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарына арналған оқыту сапасын арттыруға, әдістемелік жұмысты жетілдіруге және тиімді басқарушылық тәжірибелерді дамытуға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірленді.

Конференцияның өткізілуі педагогикалық қауымдастықтың білім сапасын арттыру мәселелеріне жоғары қызығушылығын және кәсіби диалогты, тәжірибе алмасуды, заманауи білім беру шешімдерін енгізуді одан әрі жалғастыру қажеттігін көрсетті.