Педагогтерге арналған жасанды интеллект бойынша турнирдің ІІ кезеңі
22-05-2026 16:52
Педагогтерге арналған жасанды интеллект бойынша турнирдің ІІ кезеңі
      2026 жылдың 22 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы педагогтер арасында жасанды интеллект бойынша облыстық турнирдің ІІ кезеңі өткізді. 
Турнирдің мақсаты:
      Білім беру үдерісінде жасанды интеллектті тиімді қолданатын педагогтерді анықтау, олардың практикалық дағдыларын дамыту және үздік тәжірибелерді тарату.
Өткізу форматы: онлайн.
      Турнирдің ІІ кезеңіне 90 педагог қатысты. Оның ішінде 21 команда жиналды. Қарағанды қаласынан 5 команда, Балқаш қаласынан 3 команда, Нұра ауданынан 3 команда. Қалған өңірлерде 1 команда қатысты. Турнирдің II кезеңі барысында әр команда білім беру қызметінде жасанды интеллект құралдарын қолдануға бағытталған тапсырмаларды орындады.
       Шешімдердің креативтілігіне, әзірленген материалдардың практикалық қолданылуына және командада жұмыс істеу қабілетіне ерекше назар аударылды. Педагогтер білім беру процесіне заманауи технологияларды енгізуге жоғары дайындық деңгейін, қызығушылығы мен ұмтылысын көрсетті.