Кәсіби құзыреттілік пен цифрлық үрдістер: Облыс педагогтері инновациялық тәжірибе алмасты
01-06-2026 09:06
Кәсіби құзыреттілік пен цифрлық үрдістер: Облыс педагогтері инновациялық тәжірибе алмасты

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі педагогтерінің озық педагогикалық тәжірибесін тарату мақсатында облыстық шеберлік-сыныптары өткізілді.

      «Заманауи білім беру кеңістігіндегі инновациялар: кәсіби құзыреттілік, цифрлық технологиялар және авторлық әдістемелер» тақырыбында ұйымдастырылған бұл шараға Қарағандыжоғары гуманитарлық колледжінің, Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің және Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжінің оқытушылары қатысты.

     Іс-шараны ҚО ББД оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің басшысы А.А. Кнашина жүргізді.

      Шеберлік-сыныптары барысында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогтері өзекті тақырыптар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті:

  • А.К. Муфталова, Е.Д. Махаметчин, А.Р. Денеева болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» құралының практикалық маңызын көрсетті;
  • Г.М. Аханова, А.Д. Кунедилова, С.Ж. Ыбышева жасанды интеллект (мәтіндік, визуалды, аудио нейрожелілер) арқылы қазақ әдебиетін оқытуды цифрландырудың заманауи әдістерін таныстырды;
  •  орталық әдіскері Т.М. Баймаганбетоваменбірлескен авторлықта әдістемелік өнімін құрастырғанколледж оқытушысыА.С. Рахимбаева «Ұлы Отан соғысы тарихындағы Қазақстан» факультативтік курсының авторлық бағдарламасын таныстырып, оның тиімді тетіктерін ортаға салды;
  • Н.С. Алимжанова, П. Кенжеғалиқызы, А.А. Темирбулатова қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың белсенділігін арттыратын интербелсенді әдістерді іс жүзінде көрсетті.

     Шара соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, пікір алмасты. Рефлексия барысында педагогтер ұсынылған авторлық әдістемелер мен цифрлық құралдардың (нейрожелілердің) сабақ беруде тиімділігі жоғары екенін атап өтіп, жоғары баға берді.