2026 жылғы 29 мамырда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК базасында Қарағанды облысының ТжКОБ ұйымдарының студенттері арасында «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша облыстық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты — студенттердің кәсіби, аналитикалық және технологиялық құзыреттіліктерін анықтау мен дамыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ өндірістің заманауи талаптары мен еңбек қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес білікті жұмысшы кадрларды даярлау сапасын арттыру болып табылады.
Олимпиадаға Қарағанды облысының бейінді колледждерінен 7 студент қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды: бірінші кезең (іріктеу) – компьютерлік тестілеу, екінші кезең – қатысушылардың техникалық тапсырмаларды талдау, технологиялық ақауларды анықтау және инженерлік шешімдерді негіздеу білігін тексеруге бағытталған өндірістік кейстерді шешуге арналған жағдаяттық-аналитикалық тапсырма.
Барлық студенттерді тәуелсіз қазылар алқасы критерийлер бойынша бағалады. Олимпиаданың екі кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Тихомиров Андрей, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК;
2 орын – Клейнота Вадим, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК;
3 орын – Диль Денис, «Теміртау техникалық колледжі» КМҚК.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта кәсіби табыстар тілейміз!»





umc.krg@karagandyedu.kz






