«Үздік әдіскер – 2026» байқауының облыстық кезеңі өтті
04-06-2026 09:19
«Үздік әдіскер – 2026» байқауының облыстық кезеңі өтті

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 4 маусымда «Үздік әдіскер – 2026» облыстық байқауы өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты — әдістемелік қызметтің сапасын арттыру, әдіскерлердің кәсіби шеберлігін шыңдау және олардың инновациялық дамуын ынталандыру болып табылады.

Байқау бағдарламасы келесі кезеңдерден тұрды:

  • «Даңқ минуты» — қатысушылардың өзін-өзі шығармашылық тұрғыда таныстыруы;
  • «Ашық микрофон» — берілген өзекті тақырыптар төңірегінде шешендік өнер көрсету;
  • «Авторлық әзірлеме» — жеке авторлық жобалар мен әдістемелік өнімдерді таныстыру.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша әдіскерлер арасынан үздіктер анықталып, жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1-орын— Узакбаева Рыскуль Узакбайкызы, «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ әдіскері;

2-орын— Маликова Майра Докторқызы, «Карақаралы ауданының білім бөлімі» ММ әдіскері;

3-орын— Aнapбeков Hypcyлтан Адилбайулы, «Приозерск  қаласының білім бөлімі» ММ әдіскері.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді «Үздік әдіскер – 2026» облыстық байқауындағы жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!

Кәсіби биіктерден көріне беріңіздер!