2026 жылдың 5 маусымында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімі «Шеберлікке апарар жол: «Үздік педагог» конкурсына дайындықтың стратегиялары мен әдістемелік аспектілері» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Іс-шара ZOOM платформасында онлайн-форматта ұйымдастырылып, 2026 жылы республикалық конкурстың облыстық кезеңінде жеңіске жетуді мақсат еткен аймақ колледждерінің 44 педагогінің басын қосты.
Семинардың модераторы «Колледж педагогтерінің кәсіби дамуы» бағытына жетекшілік ететін ТжКОБ бөлімінің басшысы Кнашина Айнур Ахатовна болды.
Ағымдағы жылғы семинар бағдарламасы үздіксіз тәлімгерлік қағидаты бойынша құрылып, үш маңызды блоктан тұрды:
1. Құндылық-мотивациялық бағыт: ҚО ББД ОӘО басшысының орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна кәсіби конкурстардың облыстың барлық ТжКОБ жүйесінің кадрлық әлеуетін дамытудағы стратегиялық драйвері ретіндегі өзектілігін ашып көрсетті;
2. Табысты тәжірибені беру (менторлық): семинардың негізгі практикалық-бағдарланған элементі «Үздік педагог-2025» атағының иегері, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖМ оқытушысы Қабылова Меруерт Блялкызының баяндамасы болды. Спикер қатысушыларды бәсекеге қабілетті портфолио қалыптастырудың практикалық аспектілерімен және конкурс алдындағы стресті еңсеру әдістемелерімен таныстырды;
3. Сараптамалық-аналитикалық талдау: ҚО ББД ОӘО ТжКОБ бөлімінің басшысы Кнашина Айнур Ахатовна конкурсқа табысты қатысудың нақты алгоритмін ұсынып, педагогтердің портфолионы толтыру кезінде жиі жіберетін типтік қателіктеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Семинар қатысушылары облыстық кезеңге сәтті қатысу үшін нақты бағдарлар мен қадамдық іс-қимыл алгоритмін алды.
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ТжКОБ бөлімі «Үздік педагог-2026» атағынан үміткерлерге кеңес беру жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырады.





umc.krg@karagandyedu.kz










