Размер шрифта:
«Balkhash Tour Fest – 2026» фестиваліне облыстық экологиялық жобалар байқауының финалистері қатысты
22-06-2026 16:17
«Balkhash Tour Fest – 2026» фестиваліне облыстық экологиялық жобалар байқауының финалистері қатысты
  2026 жылғы 19–20 маусым күндері Балқаш қаласында туризмді, мәдениетті және экологиялық бастамаларды тоғыстырған «Balkhash Tour Fest» фестивалі өтті. Аталған іс-шара аясында «Үздік экологиялық білім беру жобасы – 2026» облыстық байқауының финалистері өздерінің инновациялық жобаларын көпшілік назарына ұсынды.
 
    Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған келесі жобаларын таныстырды:
 
- Махкамбай Дінислам, Сайран Елжан және Серіков Әділжан (жетекшісі – Курмашова Меруерт Амантаевна) «Велошредер: пластик қақпақтарды қайта өңдеуге арналған экологиялық құрылғы» жобасын ұсынды.
- Цыгельный Кирилл, Тарарин Вадим және Прохоровский Андрей (жетекшісі – Сайфуллин Халил Хамзаевич) «E-STRIDE – мектеп дәліздеріндегі қадам энергиясы арқылы электр қуатын өндіретін модульдік пьезо-плитка» жобасын таныстырды.
- Рассказов Владислав пен Зятюк Вячеслав (жетекшісі – Блок Вячеслав Викторович) «Пластик қалдықтарын пайдалы бұйымдарға өңдеуге арналған мобильді станция» жобасын көпшілікке ұсынды.
- Пирогова Анна (жетекшісі – Шишкина Екатерина Анатольевна) «Болашақ қаптамасы ретінде крахмал пластиктерін жасау» жобасымен таныстырды.
- Филатова Анастасия (жетекшісі – Бухлов Анатолий Анатольевич) «Суды залалсыздандыруға арналған портативті құрылғы» жобасын таныстырды.
 
     Фестиваль аясында келушілер жас өнертапқыштардың экологиялық бастамаларымен танысып қана қоймай, эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаны тамашалап, түрлі ойындар, байқаулар мен интерактивті алаңдарға қатысты.
 
      Осындай ауқымды шараға қатысу жас зерттеушілердің өз идеяларын көпшілікке таныстыруына, тәжірибе алмасуына және экологиялық мәдениетті насихаттауға зор мүмкіндік берді.