Размер шрифта:
Мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың педагогтері тамыз конференциясының секцияларында өзекті міндеттерді талқылады
24-08-2026 15:43
Мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың педагогтері тамыз конференциясының секцияларында өзекті міндеттерді талқылады

      2026 жылғы 24 тамызда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «№2 Білім-Инновация» лицей-интернаты» КММ базасында мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың облыстық тамыз конференциясының секциялық отырыстары өтті.

Секциялар жұмысына директорлар, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, кәсіби бағдар берушілер, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері, математика, физика, информатика, география, тарих, биология, химия, дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық пәндерінің педагогтері қатысты.

Отырыста білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспары қарастырылды, өткен оқу жылындағы білім сапасының нәтижелері сараланып, «Bilimal» цифрлық платформасында мектепшілік бақылауды жүргізу мәселелері талқыланды.

Қатысушылар облыстық педагогтер ассоциациясының қызметіне және аттестаттаудың негізгі аспектілеріне: қолданыстағы ережелер мен талаптарға, сабақты талдау әдістемесіне және сапалы әдістемелік әзірлеме дайындау критерийлеріне ерекше назар аударды.

Кездесу өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін іскерлік әрі сенімді атмосферада өтті. Қатысушылар көтерілген мәселелердің жоғары маңыздылығын атап өтіп, әрі қарайғы кәсіби ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.