«Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адам капиталын дамыту — білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» секциясы өтті
24-08-2026 16:20
«Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адам капиталын дамыту — білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» секциясы өтті

      2026 жылғы 24 тамызда Қарағанды облысының Білім басқармасы мен Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы онлайн-форматта «Білім берудегі конституциялық реформалар: менеджмент және адам капиталын дамытудың стратегиялық бағдарлары» тақырыбында секция ұйымдастырды.

Секция жұмысына Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларының, сондай-ақ Абай, Нұра, Осакаров және Шет аудандарының білім беру ұйымдарының (гимназиялар, лицейлер) директорлары мен директорлардың орынбасарлары қатысты.

Модератор:«Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшысы Абдикерова Бакиткул Химальдиновна.

Негізгі тақырыптар:

1.      Оқу процесін ұйымдастыру және 2026–2027 оқу жылына арналған басымдықтар: ББД ОӘО басшысы Б.Х. Абдикерова жаңа оқу жылының негізгі өзгерістерін, мақсаттары мен міндеттерін таныстырды.

2.      Педагогтердің сапасы мен мәртебесін басқару: Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің меңгерушісі Г.Г. Мукашева мектеп ішілік бақылаудың басқару ресурсы және инновациялық мектеп педагогтерінің мәртебесін растау құралы ретіндегі рөлі туралы айтып берді.

3.      Педагогтерді аттестаттау: Білім мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің меңгерушісі А.З. Мухамедьярова аттестаттаудың пилоттық жобасына қатысу шарттарын, бағалау критерийлерін және оны жүзеге асыру тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

4.      Өзгерістерді кәсіптік бағдар беруге кіріктіру: Д.А. Суртубаева мен К.И. Шубакова оқу жылындағы негізгі өзгерістер және оларды кәсіптік бағдар беру жұмысында қолдану туралы айтып берді.

5.      Білім беруді цифрландыру және жасанды интеллект (ЖИ):  • Ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі Ж.А. Сартаева оқытудағы жасанды интеллект пен цифрлық құзыреттіліктер туралы баяндама жасады.

6.      «CareerHub.kz» компаниясының жобаларды дамыту жөніндегі жетекшісі Қанат ЕрмекұлыМырзаханов оқу мәдениетін дамытуға, кәсіптік бағдар беруді ұйымдастыруға және оқу процесін автоматтандыруға арналған ЖИ-құралдарын таныстырды.

7.      Тәрбие жұмысы: Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері Е.А. Горбатова тәрбие процесінің негізгі басымдықтарын атап өтті.

Жиын қорытынды жасаумен және алдағы оқу жылына өңір мектептерін дамытудың стратегиялық бағдарларын айқындаумен аяқталды.