Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының облыстық әдістемелік бірлестіктері төрағаларының тамыз конференциясының секциялық отырысы
25-08-2026 11:11
Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының облыстық әдістемелік бірлестіктері төрағаларының тамыз конференциясының секциялық отырысы

   Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 25 тамызда «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК базасында «Педагогтерді кәсіби дамытуды және әдістемелік қолдауды жетілдіру арқылы адам капиталын дамыту» тақырыбында №3 секциялық отырысын өткізді. Іс-шараға Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының облыстық әдістемелік бірлестіктерінің 18 төрағасы қатысты.

   Бағдарламаның ресми бөлімін Қарағанды облысында ББД ОӘО басшысының орынбасары Татьяна Георгиевна Нартова ашып, жаңа халықтық Конституция құндылықтары контексінде білікті кадрларды қалыптастырудағы ТжКӨБ жүйесінің негізгі рөлін атап өтті. Өткен 2025–2026 оқу жылының қорытындылары мен облыстық әдістемелік бірлестіктердің сапалы өсуінің стратегиялық векторларын ББД ОӘО әдіскері Ирина Павловна Шленская егжей-тегжейлі ұсынды.

   Отырыстың практикалық блогы озық тәжірибе мен үздік өңірлік практикалармен алмасуға арналды:

   Әдістемелік және кәсіби әлеуетті дамыту: Елена Александровна Кашина (А. Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі) кәсіби көшбасшылық құралы ретінде көшпелі әдістемелік күндерді ұйымдастыру тәжірибесін баяндады, ал оның әріптесі Марина Сергеевна Алибаева экономикалық білім беру сапасын арттырудағы табыстарымен бөлісті.

   Заманауи стандарттар мен практикалар: Гүлзада Сағандыққызы Бейсембаева (Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі) адам капиталын қалыптастырудағы гуманитарлық және шығармашылық пәндердің әлеуетін ашып көрсетті, ал Ирина Сергеевна Астахова (Саран техникалық колледжі) мамандарды даярлаудағы жоғары асхана мен сервистің заманауи стандарттарын ұсынды.

   Өндіріспен байланыс және тану: Маргарита Георгиевна Дудник (Қарағанды машина жасау колледжі) «Кәсіп бойынша үздік» конкурсын («СӨБ станоктарында фрезерлік жұмыстар» құзыреттілігі) өткізу кезіндегі кәсіпорындармен өзара әрекеттесу тәжірибесін таныстырды. Анар Сабырқызы Баймолдина (А. Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі) қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары ОӘБ жұмысын қорытындылады.

   Секция жұмысы ашық пікірталаспен аяқталды. Отырысқа қатысушылар проблемалық мәселелерді талқылап, ұсыныстармен алмасты және өңір колледждерінің педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсетуді одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірледі.