Қарағанды облысы колледждері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған секциялық отырысы
24-08-2026 16:37
Қарағанды облысы колледждері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған секциялық отырысы
   2026 жылдың 24 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен тамыз кеңесі аясында техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Құндылықтардан жауапкершілікке: адами капиталды дамытудағы ТжКОБ тәрбие жүйесінің рөлі» тақырыбындағы секциялық отырысы өтті.
   Жиын барысында:
- «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде Жаңа Халықтық Конституцияның құндылықтары негізінде адами капиталды қалыптастыру»;
- «Тәрбие жұмысы – адами капиталды дамытудың стратегиялық факторы: Жаңа Халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары аясындағы ТжКОБ жүйесінің нәтижелері, тиімділігі және басым міндеттері»;
- «Іске асырудан нақты нәтижеге: 2025–2026 оқу жылында ТжКОБ ұйымдарында «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындылары мен тиімділігі»;
- «Цифрлық құзыреттілікті дамыту және жасанды интеллектті енгізу»
- «ЖИ-мен оқу мәдениетін дамыту, кәсіби бағдар жұмыстарын ұйымдастыру, және оқу үдерісін автоматтандыру»;
- «Педагогтерді аттестаттаудан өткізудің пилоттық жобасы: қатысу шарттары, бағалау критерийлері және іске асыру тетіктері»;
«ТжКОБ ұйымдарында кураторлық қызметті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбындағы педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату:
- «ТжКОБ ұйымдарында кураторлық қызметті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері: әдістемелік ұсынымдарды таныстыру»;
- «Тиімді кураторлық қызмет: әдістемелік шешімдер және ТжКБ ұйымдарының озық тәжірибесін тарату» тақырыптары қаралды.
​    Секциялық отырыстың мақсаты – кәсіби қызметке дайын, бәсекеге қабілетті, жауапты және әлеуметтік белсенді, қоғам мен мемлекеттің дамуына жасампаздықпен үлес қоса алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған ТжКБ ұйымдарындағы тәрбие жұмысын дамытудың стратегиялық бағдарларын айқындау. 
   Секциялық отырыс мазмұнды кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және ТжКБ жүйесіндегі тәрбие жұмысын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау форматында өтті. Отырыс тәрбие жұмысының қорытындыларын шығаруға, оның тиімділігін талдауға, заманауи әдістемелік шешімдерді ұсынуға және практикалық тәжірибемен алмасуға мүмкіндік берген кәсіби алаңға айналды.
   Секциялық отырысқа колледж директорларының 33 тәрбие жұмысы жөніндегі  орынбасары қатысты.