2026 жылғы 25 тамызда Қарағанды облысының білім басқармасы мен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Осакаров ауданының «Информатика және жасанды интеллект» пәні педагогтеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.
Секциялық отырыс барысында 2026–2027 оқу жылындағы пән бойынша жаңашылдықтар талқыланып, оларды оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері Е.А. Байбусинов таныстырды. Осакаров ауданының білім бөлімінің әдіскері З.М. Сафина 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша талдау жасап, жаңа оқу жылына қойылған міндеттерді айқындап берді.
Шара барысында №12 тірек мектебінің (ресурстық орталығы) педагогі А.В. Пак мен № 9 гимназия базасындағы тірек мектебінің (ресурстық орталық) педагогі Ю.В. Федоров озық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Кеңес соңында педагогтер өзекті мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты.





umc.krg@karagandyedu.kz







