Размер шрифта:
Шахтинск қаласында «Информатика және жасанды интеллект» пәні педагогтеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті
25-08-2026 15:46
Шахтинск қаласында «Информатика және жасанды интеллект» пәні педагогтеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті

   2026 жылғы 25 тамызда Қарағанды облысының білім басқармасы мен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Шахтинск қаласының «Информатика және жасанды интеллект» пәні педагогтеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.

   Секциялық отырыс барысында 2026–2027 оқу жылындағы пән бойынша жаңашылдықтар талқыланып, оларды оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері Бақытжанқызы Бақнұр таныстырды. Шахтинск қаласының аудандық білім бөлімінің әдіскері Шыналиева Айнұр Сейілбековна 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша талдау жасап, жаңа оқу жылына қойылған міндеттерді айқындап берді.

   Шара барысында С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия педагогі Марченко Нина Николаевна мен Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің педагогі Есмағанбетова Нұргүл Садуахасовна және CareerHub.kz компаниясының жобалар бойынша менеджері Нұрғажықызы Дария озық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Кеңес соңында педагогтер өзекті мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты.