Бұқар Жырау ауданында «Информатика және жасанды интеллект» пәні педагогтеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті
25-08-2026 16:02
Бұқар Жырау ауданында «Информатика және жасанды интеллект» пәні педагогтеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті

   2026 жылғы 25 тамызда Қарағанды облысының білім басқармасы мен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен БұқарЖырау ауданының «Информатика және жасанды интеллект» пәні педагогтеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.

   Секциялық отырыс барысында 2026–2027 оқу жылындағы пән бойынша жаңашылдықтар талқыланып, оларды оқу-әдістемелік орталықтың цифрландыру және жасанды интеллект бөлімінің басшысы Сартаева Жансая Ахмедьяновна таныстырды. БұқарЖырау ауданының білім бөлімінің әдіскері Шахан Еламан 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша талдау жасап, жаңа оқу жылына қойылған міндеттерді айқындап берді.

   Шара барысында "Токаревка тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ педагогі Арцыбашев Андрей Владимирович, Үштөбе тірек мектебі (ресурстық орталық)" педагогі Сейсембаева Лаура Мавлидовна және E-data компаниясының атқарушы директоры Қуандыққызы Талшын озық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Кеңес соңында педагогтер өзекті мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты.