Бұқар Жырау ауданында мектеп директорлары мен олардың орынбасарларына арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті
25-08-2026 16:09
Бұқар Жырау ауданында мектеп директорлары мен олардың орынбасарларына арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті

   2026 жылғы 25 тамызда Қарағанды облысының білім басқармасы мен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен Бұқар Жырау ауданының мектеп директорлары, директордың оқу және кәсіптік бағдар беру жөніндегі орынбасарларына арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді

   Отырыс барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының цифрландыру және жасанды интеллект бөлімінің басшысы Жансая Ахмедьяновна Сартаева оқу процесін ұйымдастыруның ерекшеліктерін, жаңа оқу жылындағы негізгі өзгерістерді, сондай-ақ педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын таныстырды. Бұқар Жырау ауданы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Бақтықыз Тұрсынбековна Тұртбаева 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша талдау жасап, жаңа оқу жылына қойылған міндеттерді айқындап берді..

   Шараның «Авторлық идеядан SMART-практикаға» бөлімінде ауданның озық педагогтері мен басшылары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті:

   «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ педагогіБақытгүл Зайтайқызы Құлмақова мектепішілік бақылауды цифрландыру, «Bilimal» платформасындағы мектепішілік бақылау модулінің тиімділігі және кәсіптік бағдар беру мәселелерін ортаға салды

   «Үштөбе тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ директоры Сәуле Жақсылыққызы Артықбаева мектеп менеджментін стратегиялық басқару мен икемді командаларға көшіру тәжірибесі туралы айтты

   Бейінді оқыту жөніндегі директордың орынбасары Еркебұлан Слушашұлы Мақашев мектепті цифрлық трансформациялау мен жасанды интеллект жағдайында басқару ерекшеліктеріне тоқталды.

   «Көкпекті жалпы білім беретін мектеп» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Елена Владимировна Кабанова жас мамандарды бейімдеу және тәлімгерлік жүйесін құру жолдарын ұсынды.

   Кеңес соңында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының үйлестіруімен секциялық отырыстың қорытындысы шығарылып, қатысушыларға арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленді.