Размер шрифта:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: ерте даму, ұлттық құндылықтар және сапалы білім беру ортасы»
25-08-2026 17:09
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: ерте даму, ұлттық құндылықтар және сапалы білім беру ортасы»

   2026 жылғы 25 тамызда Шахтинск қаласында, Нұра және Осакаров аудандарында мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің облыстық секциялық отырыстары өтті. Отырысқа балабақшалар, шағын орталықтар және мектепалды даярлық сыныптарының 100-ден астам педагогі қатысты.

   Секция барысында 2026–2027 оқу жылында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы және «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясындағы жұмыстар, ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ «5 дағды» бойынша мониторинг жүргізу мәселелері қарастырылды.

   Педагогтердің және тәрбиеленушілердің жетістіктеріне, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс нәтижелеріне, орын алған проблемалық мәселелерге және одан әрі даму бағыттарына ерекше назар аударылды. Талқылау барысында педагогтер практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті кәсіби міндеттерді айқындап, жаңа оқу жылындағы жұмыстың басым бағыттарын белгіледі.

   Тамыз айындағы кездесу кәсіби диалог алаңына айналып, ортақ бағдарларды айқындауға мүмкіндік берді. Олар: мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, тиімді педагогикалық тәжірибелерді енгізу және әрбір баланың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

   Секциялық отырыстың қорытындысы бойынша жаңа оқу жылына арналған міндеттер айқындалып, секция отырысының қорытындысы негізінде басшыларға, әдіскерлерге және педагогтерге арналған ұсынымдар әзірленді.